ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСжМҒПО-да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.  

Қысқа уақыт ішінде Қазақстан орасан әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді, әлем мойындаған елге айналды. Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері Тұңғыш  Президентіміздің салиқалы көрегенді саясатына байланысты. Қазіргі таңда әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстан құрылды,- деді сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев. Жаңа Жолдауында Президент  мемлекет дамуының дағдарыстан кейінгі кезеңінде қазақ қоғамының жаңадан құру жолдарын жүргізуге мүмкіндік беретін 10 қадамды атап өтеді. Бұл индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру,  құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын "қайта жаңғырту", жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, "ақылды ұлттың" "ақылды қалалары", тиімді мемлекеттік басқару.   

Бүгінде біздің мемлекетте Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар, және болашақ Қазақстан дәрігерлері қазіргі таңда  барлық медицина саласы мен бағыты бойынша өздерінің шетелдік әріптестерімен шын мәнінде өзара байланыста болып, оқи алу мүмкіндіктері бар.     

        Елбасының жаңа Жолдауындағы негізгі аспектілерді талқылай отырып, биылғы Жолдау барлық қазақстандықтарға, соның ішінде медицина қызметкерлеріне қатысты нақты практикалық істер мен міндеттердің бағдарламасы екендігі атап өтілді. Біздің Президенттің қазақ медицинасындағы істердің жай-күйі туралы жақсы хабардар екендігін Елбасының әр Жолдауынан аңғаруға болады. Осы жылғы Жолдауда біздің медицинаның барлық жанды жері көрсетілген, әсіресе мемлекеттің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша міндет қойылып, ерекше рөл беріледі. Негізгі басымдықтар айқыдалған, әлемдік тәжірбиеде осы жүйенің тиімділігі дәлелденген. Бұл жаңа міндеттерді игеру жұмысына үлкен дайындық.        

          Қазақстандық медиктер уақыт талабына лайықты жауап бере білуге тиіс. Қазіргі кезде дүние жүзінде жаңадан аурулар, инфекциялар пайда болуда, оған тиімді тосқауыл қойып, емдеу түрлерімен ең заманауи жағдайда қарсы тұра білу қажет.  Қазақстандықтардың денсаулығын нығайту ісінде, салауатты өмір салтын қалыптастыруда СЭСжМҒПО өз шама-шарқынша үлес қосуда. Бірнеше қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы күрес жүйесін ары қарай жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктер қолда бар. Біз бүгінде бәсекелестік ортада жұмыс істейміз, бұл біздің мамандарымыз үшін үлкен ынталандыру.

         Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қиындықтардан қорықпау керек, көп жұмыс істеп, өз ісін, өз кәсібін сүю керек,» - деп атап өтті. Қазіргі кезде жас мамандарды, ғалымдарды қолдау үшін көп жұмыс жасалуда, осы бағытта Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі үлкен жұмыстар атқарып жатыр.  Біздің қызметте бәріміз бірігіп шешімін табатын жаңа міндеттер тұр.  

 

     

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ