ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Мамыр 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Көк желекті көктеммен бірге  8 наурыз да көңілге қуаныш сыйлай келеді. Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында СЭСжМҒПО-да салтанатты жиналыс өтті, мекеменің бас директоры Еркін Дүрімбетов жиналысты аша отырып, былай деді:

 - Әйел заты – жылулық пен бақыттың символы, отбасы ошақ қасының ұйытқысы. Бұл күні әйел адамның жүзі жарқырап, көңілі марқаяды, қазіргі таңда жер шарындағы адамдарға осы жетіспей жатады. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді. Көптеген әйелдер өз ісінің шынайы маманы, өз кәсібінің  нағыз кәсіпқой шебері екендігін көрсетіп, қарамағындағыларға қамқор болып, талантты басшы болып жүр, мұны, әрине, бағалауға болмайды. Біз әйелдерге махаббаты үшін, беріктігі үшін, өмірімізге сән беретін нәзіктігі мен жарасымдылығы үшін дән ризамыз. Әдемі де көрікті, нәзік  жандарға зор денсаулық, бақ пен береке, қуаныш пен шаттық тілейміз.

Көктемгі мерекелік концерт ешкімді бей-жай қалдырмады, көңіл қошын келтіретін әндер шырқалды. Мерекелік іс-шарада мекеме басшысының Құрмет грамотасымен ӘҚЕД директоры Р.О.Сарсембаева, Пестицидтер токсикологиясы зертханасының санитаркасы С.А.Елфутина, аса қауіпті инфекциялар зертханасының санитаркасы А.М.Мустафинова; «Нұр Отан» Бостандық аудандық филиалының Алғыс хатымен эпидемиолог дәрігердің көмекшісі С.А.Алпысбаева, Метрология және стандарттау басқармасының технигі Д.Т.Ауғанбай; Салалық Кәсіподақтың Құрмет  грамотасымен ісқағаздарды жүргізу маманы Н.С.Молдабаева, АҚЕжСЭМД  инженері Н.К.Кожахметова, ПИ зертханасының фельдшер-лаборанты А.А.Жанбаева марапатталды. 

      Аяулы нәзік жанды әріптестер, сіздерге сәттілік пен жақсылық тілейміз!          

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны