ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Денсаулық сақтау комитетінің барлық Ұлттық сараптама орталығы филиалдарында республика бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдеріндегі  нитраттардың құрамына  зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығында «Нитрат» бағдарламасы жүргізіледі, мұнда өндірістік мақсаттағы өсімдік шаруашылығы өнімдеріндегі нитраттардың қалдық мөлшеріне қатысты ақпарат тоқсан сайын жинақталады. Бұл бағдарлама  өсімдік шаруашылығы өнімдеріндегі нитраттардың құрамын  жыл бойы бақылау бойынша Қазақстандағы барлық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

         Сапасыз тамақ өнімдерін түрлі критерийлер бойынша пайдалану тамақтан улануға әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасында 2017 жылы құрамында нитраттар жоғары болған көкөніс, жеміс және бақша өнімдерінің сынамаларынан жоғары деңгей, әсіресе мына өңірлерде анықталды: Ақтөбе облысы - 8,6 пайыз, Атырау облысы -7,7 пайыз, Қарағанды облысы - 5,1 пайыз, Қызылорда облысы бойынша- 3,06 пайыз. 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы нормативті талаптарға сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы:  томатта – 0,99 пайыздан 1,71 пайызға дейін, қиярда – 0,83 пайыздан 1,18 пайызға дейін, кәділерде – 1,96 пайыздан 3,5 пайызға дейін, пиязда – 1,51 пайыздан 2,67 пайызға дейін, жүзімде – 1,7 пайыздан 2,8 пайызға дейін, шабдалыда – 3,01 пайыздан 4,67 пайызға дейін, қарбызда – 34 пайыздан 16,2 пайызға дейін, қауында – 26,2 пайыздан 17,7 пайызға дейін.

         Негізінен құрамында нитраттардың мөлшері жоғары болып келетін өсімдік шаруашылығы өнімдері республикаға Өзбекстан, Ресей, Қытай елдерінен әкелінеді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ