ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСжМҒПО-да Наурыз мейрамына арналған мерекелік салтанатты жиын өтті.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл – жаңару, даму, ілгерілеу. Жаңа жыл – өткенге салауат айтып, болашақтан үміт күту.  Наурыз жер бетіндегі барлық тіршілік көзінің оянуы және жаңаруының, адам мен табиғат қарым-қатынасының үйлесімділігі мен тазалығының белгісі болып табылады

Наурыз мейрамы бейбітшілік пен келісімді, татулық пен ынтымақты бейнелейді. Бұл күні жайылатын мерекелік дастарханда адам ағзасына пайдалы  жеті дәмнен тұратын «Наурыз көженің» болуы міндетті. Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол – тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

21 наурыз – күн мен түннің теңелу күні. Наурыз – жаңару мен тазару,  махаббат пен сұлулық мерекесі. Мерекеге орай ағаштар мен гүлдер отырғызады. Наурыз көктемнің келуін білдіреді.

Көктемгі мерекені тойлау жыл бойы үйге молшылық пен табыс әкеледі деп саналады. Бұл күні адамдар мерекелік киімдерін киіпбір-біріне қонаққа барады, келесі жылға аман-есен жетулерін тілеп, бір-бірімен көріседі.

Мереке қарсаңында Ғылыми-практикалық орталықтың қызметкерлері Наурыз мерекесін үлкен дайындықпен өткізді. Мерекелік дастарқан жайылып, қызметкерлер өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп көңілдерін көтерді. Қазылар алқасы мерекелік дастарқан жайып, өнерлерін көрсеткен қызметкерлерге оң бағасын берді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ