ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы тыңдалымда отандық денсаулық сақтау саласына қатысты ең өзекті мәселелер мен проблемалар көтерілді. Бұл тыңдалымның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, сонымен қатар  Қазақстанның әртүрлі облыстары мен өңірлеріндегі денсаулық сақтау саласының өкілдері, әртүрлі медициналық мекемелер мен ұйымдардың жетекші мамандары және басшылары, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері қатысты.  ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов  аналитикалық баяндама жасады, бірқатар маңызды мәселелер мен проблемаларды шешудегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі жұмыс бағыттарын айқын көрсетіп берді. Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуді ашып, медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемі мен ақылы түрде көрсетілетін медициналық қызметтердің анық ара-жігін ажыратпағанның себебінен халық тарапынан бейресми төлемдердің өте жиі орын алатындығын атап өтті. Сенат спикері, бұл жағдайда медициналық қызметтердің тек бюджет есебінен ғана қаржыландырылатын міндетті минимумын қабылдау қажет болатындығын атап айтты.

СЭСжМҒПО қызметкерлері Жоғарғы Палата отырысының онлайн трансляциясы кезінде Парламент Сенатындағы тыңдалымға үлкен қызығушылық танытып, тыңдалымды назар салып, ұйып тыңдады. 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ