ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

   Республика аумағында кене энцефалиті мен кене  боррелиозы (Лайм ауруы) сияқты кене инфекцияларының берілу кезеңі келе жатыр. Бұл инфекцияларда, кейбір ортақ сипатына (таралу аймағы, бір таратушы) қарамастан, айрықша клиникалық және эпидемиологиялық сипаттамалары болады.

  Қазақстанда кене энцефалитінің дәстүрлі таралу аумақтары Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қ. төңірегі және соңғы жылдары - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары (белгілі бір аудандар) болып табылады.

  Кене боррелиозымен сырқаттанушылық, негізінен, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында кездеседі. Кене энцефалитінің әлеуметтік және медициналық жағынан айтарлықтай маңызы бар.

   Кене  энцефалиті – бұл жұқпалы, табиғи-ошақты,  вирусты ауру, негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайды, өте ауыр өтеді, мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін.

  Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі  3 күннен 21-30 күнге дейін созылады, орташа есеппен 7-10 күнге созылады. Негізгі берілу жолы - трансмиссивті, яғни иксод кенелері шаққаннан болуы мүмкін, бірақ қоздырғыш ешкінің (сиырдың) шикі сүті арқылы берілуі мүмкін, сонымен қатар ауру жұқтырған кенелермен жанасқан кезде терідегі микротравма (шырышты) арқылы берілуі де мүмкін. Ауру қоздырғышы -  кене энцефалитінің вирусы.

  Кене  боррелиозы - жұқпалы, табиғи-ошақты, бактериялық ауру. Оның белгілері ауқымдылығымен сипатталады, олардың ішіндегі ең танымалы -  ауыспалы сақина тәрізді эритема. Кене боррелиозы кезінде әртүрлі ағзалар мен жүйелер зақымданады: тері, жүйке жүйесі, жүрек және буындар. Ауруды ертерек анықтаған жағдайда және дұрыс ем алған кезде антибиотиктердің көмегімен көбінесе жазылып кетеді. Уақытылы диагностика мен ем алмаса,  емделуі қиын созылмалы ауруға өтіп кетеді. Ауру  қоздырғышы (боррелилер) иксод кенелерінің шағуы арқылы беріледі. Кене боррелиозы кезінде инкубациялық кезең 3 - 32 күнді құрайды.    

  Республиа аумағында кенелердің белсенділік кезеңі, табиғат-климат жағдайларына байланысты, наурыз-сәуірден  маусымға (маусымды қосқанда) дейін, республиканың шығысы мен солтүстігінде тамыз - қыркүйекке дейін байқалады. Кене энцефалитімен және кене боррелиозымен сырқаттанушылықтың тіркелуі, негізінен мамыр-маусым айларына келеді, бұл таратушылар санының өршуіне байланысты болады.

  Кене энцефалитін және кене боррелиозын жұқтыруды болдырмау мақсатында кенелер мекендейтін жерлерге барған кезде алдын алу және қауіпсіз жүру шараларын сақтау керек. Бұл – арнайы киімдер мен кенелерді үркітетін құрал репелленттерді пайдалану. Егер күнделікті киетін киімді пайдаланатын болса, онда киім ашық түсті болып,  дененің ашық жерлерін жауып тұруы тиіс; бас киім міндетті түрде болу қажет.  Әр 15 минут сайын киген киімді кененің бар-жоқтығына көз жеткізетіндей тексеріп қадағалап отыру керек. Табиғат аясынан қайтқан кезде  кенелердің жануарларда бар-жоқтығын қадағалап, терген гүл шоқтарын қырағы тексерген жөн. 

   Кене энцефалитінің ерекше алдын алу шараларына вакцинация жатады, қазіргі кезде бұл ауруға қарсы жалғыз сенімді құрал – екпе жасату болып табылады. Қазақстанда жыл сайын кене энцефалитінің табиғи ошағының аумағына келуіне байланысты болатын тәуекел топтарына вакцинация жүргіледі. Вакцинаны салуды күздің соңына қарай бастау ұсынылады, бұл алғашқы егу, екіншісі бір айдан кейін, үшіншісі бір жылдан соң, сосын кейін қайта егу үш жыл ішінде салынады. Эндемиялық аумақта тұратын тұрғындарға да кенеге қарсы вакцина салу ұсынылады.

     Кене боррелиозының арнайы алдын алу шаралары жете зерттелмеген.

   Кене шаққаннан кейін белгіленген медициналық ұйымға қаралу қажет, онда зардап шеккендерге кенеге қарсы иммуноглобулинмен жедел профилактикалық ем жүргізеді, ал қарсы көрсетілім болған жағдайда кененің кене энцефалиті вирусымен жұқпалануына алдын ала зерттеу жүргізіледі. Препарат кене шаққан сәттен бастап алғашқы үш күн ішінде тиімді.

Алматы қаласының тұрғындарына арналған серопрофилактика пунктері:

1) Бостандық, Медеу аудандарының тұрғындары үшін - Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосав көш, 6);

2) Алмалы ауданының тұрғындары үшін – Қалалық шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көш, 96);

3) Жетісу, Түрксіб  аудандарының тұрғындары үшін – 4-ші қалалық клиникалық ауруханасы (Папанин көш, 220);

4) Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін –  7-ші қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман);

5)  15 жасқа дейінгі балалар үшін –  Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көш, 40).

 Басқа эндемиялық аумақтарда кене энцефалиті серопрофилактика пункттері ірі қалалық стационарлар, орталық аудандық ауруханалар базасында да ашылады.

   Медициналық көмекке жүгіну  мүмкіндігі болмаған жағдайда арнайы құралдарды, жіптерді т.б. пайдаланып, кенені өз бетінше алу қажет. Кенені    шығару үшін оған май тамызып, жалаң қолмен қозғауға рұқсат етілмейді.   Кене шаққан жерді дезинфекциялаушы құралмен өңдеу керек.

   Алматы қаласында кене энцефалиті вирусының түрлерін анықтап, кене энцефалиті қоздырғышын жұқтыруды айқындау үшін «Санэпидсараптама және мониторинг ҒПО-да» (Әуезов көш., 84) тел. 375 58 66, кенелерге зерттеу жүргізіледі.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ