ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Дүние жүзінде  жыл сайын 25 сәуірде Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күні (World Malaria Day)аталып өтеді, ол 2007 жылы мамыр айында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 60-шы сессиясында жарияланған болатын. Бұл күн безгекке қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету бойынша ғаламдық күш-жігерді насихаттауға арналған.

2018 жылы  Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күнін ДДСҰ  серіктестік ұйымдармен бірлесіп «Безгекті жеңуге даярлық» деген ұранмен өткізеді. Бұл тақырып осы аурудан дүние жүзін тазартуға ұмтылыс жасауда безгекке қарсы күресушілер қоғамдастығын біріктіреді. Ол 2017 жылы Безгек туралы дүниежүзілік баяндамада атап өтілген телегей табыстар мен заманауи үрдістер жөнінде де еске түсіреді.

Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күнінің мақсаты бұл безгек проблемасына және оның алдын алу шараларына мамандар мен жұртшылықтың көңілін аударту,  ал тиімді іс-шаралар жүргізу  масштабын кеңейтуге халықаралық серіктестіктер мен қорлардың назарын салғызу.

Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күнін өткізу осы ауруға қарсы күресте жеткен жетістіктерді де көрсетеді. Соңғы жылдары ауру таратушыларға қарсы күрестің жаңа шаралары, оның ішінде жаңа  химиялық  инсектицидтер формуласы әзірленді.  Биыл  Гана, Кения және Малавидің жекелеген аудандарында  дүние жүзінде безгекке қарсы RTS,S деген алғашқы вакцинаны қолдана бастады, ол клиникалық сынақ барысында жас балаларды безгектен ішінара қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді.

2016 жылы әлемдік  масштабта  сырқаттанушылықтың артуы байқалды - 91елде 216 млн безгек ауруы, 2015 жылы  211 млн безгек ауруы тіркелді. 2016 жылы безгек дүние жүзінде  445 000 адамның өліміне себепші болды, 2015 жылы 446 000 адамның өліміне себепші болды. Безгектің 80% ғаламдық ауыртпалығы 15 елге келеді, олардың көбі Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан. ДДСҰ бас директоры д-р Тедрос Адханом Гебрейесус «2017 безгек туралы дүниежүзілік баяндамада» атап көрсеткендей, «безгекке қарсы ғаламдық күрестің бұрынғы қарқынына оралудың маңызы осы аурудан айрықша зардап шегіп отырған африка елдеріне қолдау көрсеткен болады».

Қазақстанда безгек бойынша жағдай тұрақты болып келеді. 2012-2017 жылдары эпидемиялық салдарсыз безгектің сырттан әкелінген 12 жағдайы тіркелді. Барлық безгек жағдайлары алыс шетелден (Үндістан, Ауғанстан, африка елдері) әкелінген. Сонымен қатар, безгектің жергілікті берілуінің әлеуетті қаупі  өте қолайлы жағдай болатын республиканың оңтүстік өңірінде сақталынып отыр: табиғат-климат жағдайы, эпидемиялық мәні бар таратушылардың болуы, халықтың қарқынды көші-қоны және т.б. 

Безгек бойынша қолайсыз елдерге барған кезде жергілікті эпиджағдаймен және қауіпті аудандармен таныс болу керек. Ауру жұқтыру қаупін азайту мақсатында бірқатар қауіпсіз жүру қағидаларын сақтау қажет. Бұл  - репелленттер мен инсектицидтерді қолдану. Киген киім ашық түсті, маса шақпайтындай денені жауып тұру керек. Түнде шымылдық астында ұйықтау қажет. Тропикалық безгектің міндетті химия профилактикасы өте маңызды шара болып табылады. Безгекті жұқтыру күдігі туған жағдайда ауруды уақытылы диагностикалау және емдеу мақсатында 24 сағат ішінде медициналық көмекке жүгіну керек.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ