ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ-ғы РМК Бас директорының  м.а. В.И.Ахметов  жұмыс сапарының шеңберінде Алматыда  ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ-ғы РМК «СЭСжМҒПО» филиалының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге қаланың және республиканың әртүрлі медициналық мекемелері мен ұйымдарының басшылары қатысты. «СЭСжМҒПО» директорының м.а. Е.Е.Дүрімбетов қонақтарға кәсіпорын жұмысымен таныстырды. «СЭСжМҒПО» филиалы директорының м.а. орынбасары С.Шарипова кәсіпорын туралы презентация  дайындап өткізді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов ақпараттық қамтамасыз ету және мониторинг басқармасының серверлік класында болып,  тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және басқа да химиялық зерттеулер, жоғары дәлдіктегі зерттеулер, вирусологиялық инфекциялар зертханаларының жұмысымен жете танысты.  Ғылыми орталықтың қызметкерлерімен болған кездесуде министр, кәсіпорынға үлкен үміт артып отырғандығын айтты.   Ғылыми орталықта үлкен болашақ пен әлеуетті мүмкіндіктер бар, деді Елжан Біртанов. Осыған байланысты министр назар аудару керек тапсырмаларды айқындады. Кәсіпорынның ғылыми қызметін одан әрі дамыту керек, қазіргі сәтте ғылыми зерттемеге мұқтаж өзекті тақырыптар бар. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының алдында тұрған міндеттердің аясында әртүрлі зерттеулер жүргізіп, олардың пайдасы мен тиімділігін есептеу қажет. Министр қазіргі таңда жұмыс тәжірибесін жинақтаған, бірқатар проблемалар мен мәселелер бойынша ынтымақтастық етуге құлшынысы бар медициналық ҮЕҰ өкілдерімен өте тығыз байланыста болу керектігін, халықаралық ынтымақтастық деңгейге шығу қажеттігін баса айтты. Салауатты өмір салтын насихаттайтын, өз өмірін өте сапалы өткізуге ұмтылатын адамдар  салауатты қоғам негізін құрайды, деді Елжан Біртанов.  Сондықтан салауатты өмір салтының негізі басымдық танытуы тиіс.   

 

Елжан Біртанов   медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі жөнінде де,  ҚР денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттері туралы да айтты.  Менингит жағдайы тұрақталуда. Елжан Біртанов мұндай жағдайда індетке қарсы профилактикалық іс-шаралар айқын көрсетілетін ҚР санитариялық қағидалары мен нормаларын басшылыққа алып әрекет ететіндігін атап өтті.   Сондай-ақ Елжан Біртанов отандық медицина жетістіктерінің арқасында жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруынан өлім-жітімнің азайғандығын, сонда да емханалар мен ауруханаларда кезекке тұру мәселесінің орын алып отырғандығын атап өтті. 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ