ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және Internet – ProMed торынан 2018 жылғы 31 мамыр айының мәліметтері бойынша аса қауіпті жұқпалар мен қайта пайда болған жұқпалар бойынша әлемдегі эпидемиялық жағдайы күрделі болуда.

Оба ауруымен әлемде 5 адам сырқаттанған, оның ішінде: Мадагаскарда - 4 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ, Боливияда - 1 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталды.

Тырысқақпен әлемде – 103 226 адам сырқаттанып, олардың 361 қайтыс болған. Оның ішінде: Африканың 12 елінде (Танзания - 321 жағдайы тіркеліп, 7 адам қайтыс болды), (Уганда - 668 жағдайы тіркеліп, 26 адам қайтыс болды), (Замбия - 867 жағдайы тіркеліп, 78 адам қайтыс болды), (Зимбабве - 110 жағдай, 4 адам қайтыс болды), (Нигерия - 608 жағдайы тіркеліп, 53 адам қайтыс болды), (Малави – 731 жағдай, 11 адам қайтыс болды), (Мозамбик – 124 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Сомали – 90 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Кения – 2943 жағдай, 55 адам қайтыс болды), (Намибия - 1 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Конго Демократиялық Республикасы – 1 747 жағдай, 36 адам қайтыс болды), (Ангола – 641 жағдай, 8 адам қайтыс болды); Азияның 4 елінде (Қазақстанға Үндістан елінен аурудың 5 жағдайы алып келінген, өліммен аяқталғаны жоқ), (Йемен – 93 800 жағдай, 61 адам қайтыс болды), (Үндістан - 63 жағдай, 8 адам қайтыс болды), (Сирия – 10 жағдай тіркеліп, 10 адам да қайтыс болды); Американың 3 елінде (Гаити – 492 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Канада - 4 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (АҚШ – 1 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталды).

          Күйдіргі ауруымен әлемде 111 адам сырқаттанған, 1 адам қайтыс болды, оның ішінде: Африканың 2 елінде (Зимбабве – 9 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Уганда - 83 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), Азияның 3 елінде (Грузия- 3 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Үндістан – 13 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Қытай - 3 жағдай, 1 адам қайтыс болды).

Эбола ауруының 37 жағдайы Конго Демократиялық Республикада тіркеліп, 10 адам қайтыс болды.

Сары қызбамен әлемде - 199 адам сырқаттанып, олардың 85 қайтыс болған, оның ішінде: Американың 3 елінде (Аргентина – 2 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Перу - 8 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Бразилия - 183 жағдай, 79 адам қайтыс болды); Еуропада (Германияға Бразилия елінен аурудың 6 жағдайы алып келініп, 5 адам қайтыс болған).

          Ласса қызбасы Африканың 3 елінде - 464 адамның сырқаттануы тіркеліп, 136 адам қайтыс болған, оның ішінде: Нигерия – 431 жағдай тіркеліп, 114 адам қайтыс болды, Бенин - 5 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталғаны жоқ, Либерия - 28 жағдай тіркеліп, 22 адам қайтыс болды.

Денге қызбасымен әлемде – 13 605 адам сырқаттанып, олардың 28 қайтыс болған. Оның ішінде: Американың 3 елінде (Парагвай – 1 167 жағдай, 5 адам қайтыс болды), (Чили - 14 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Бразилия - 5 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Еуропаның 2 елінде (Ресейге 59 жағдай Таиланд, Вьетнам, Индонезия, Үндістан, Бангладеш, Гонконг, Мальдивиядан алып келінген, өліммен аяқталғаны жоқ), (Италияға Таиланд елінен аурудың 1 жағдайы алып келінген, өліммен аяқталғаны жоқ); Азияның 10 елінде (Камбоджа - 367 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Таиланд – 5 868 жағдай, 9 адам қайтыс болды), (Пәкістан – 250 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Танзания - 11 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ) (Үндістан – 807 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Филиппин – 534 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Малайзия – 958 жағдай, 10 адам қайтыс болды), (Қытай – 12 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Жапония – 11 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Сингапур – 394 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Мұхиттың 3 аралында (Жаңа Каледония – 100 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Фиджи - 862 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Реюньон аралы – 2 119 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ).

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен әлемде - 27 адам сырқаттанып, олардың 9 қайтыс болған. Африканың  3 елінде (Уганда - 4 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Намибия – 2 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Мавритания - 1 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Азияның 3 елінде (Пәкістан – 6 жағдай тіркеліп, 5 адам қайтыс болды), (Иран – 10 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Қазақстан – 2 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Еуропа (Рессей – 2 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ).

Бүйрек синдромды  геморрагиялық қызбасы ауруының 163 жағдайы Рессейде тіркеліп, өліммен аяқталғаны жоқ.

Туляремия ауруымен 3 жағдай Швейцарияда тіркелген, өліммен аяқталғаны жоқ.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ