ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК «Санитариялық –эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (бұдан әрі - СЭСжМҒПО филиалы) базасында «Вакцинология» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 2018 жылғы 05 шілдеде «Менингококк инфекциясының ауыртпалығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы өз сөзінде дөңгелек үстелдің  менингококк жұқпасының эпидемиологиясы, клиникасы мен диагностикасы салаларындағы шетел және мемлекеттік эксперттермен өткізілуінің маңыздылығы мен дер кезінде өткізілуіне тоқталды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова, СЭСжМҒПО филиалының директоры міндетін атқарушы Дүрүмбетов Еркін Ермекұлы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің салалық кафедраларының, Х.Жұматов ат. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалының, СЭСжМҒПО филиалының ғалымдары, облыстардағы және Алматы мен Астана қалаларынан инфекционисттер, микробиологтар, эпидемиологтар қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына 50 астам адам қатысты.

         Дөңгелек үстелдің ғылыми бағдарламасы бойынша 5 баяндама тыңдалып, оның ішінде халықаралық сарапшылар да баяндама жасады:

1) Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және жүргізіліп жатқан  эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар  туралы СЭСжМҒПО филиалының Қауіп-қатерлерді бағалау және инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы басқармасының бастығы Смағұл Манар Асырқызы сөз сөйледі.

2) ҚР-да менингококк инфекциясын диагностикалау мен емдеудің қолданыстағы клиникалық хаттамасын талдау нәтижелері туралы м.ғ.д., профессор, «Астана Медицина Университеті» АҚ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР тұрғындарын иммундау жөніндегі Консультативтік Комиссиясының (ИКК) төрағасы Баешова Динагүл Аяпбекқызы баяндады.

3) Чарльз Наттенс (Charles Nuttens), Менингит сырқаттанушылдығының дүниежүзілік өзекті мәселелері бойынша Ғаламдық департаментінің Медицина кеңесшісі, Франция, менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады және оның инвазивті нысандары туралы және дүние жүзіндегі менингококк инфекциясы қоздырғышының белсенді айналып жүретін серологиялық топтары жөнінде; әртүрлі жас топтары арасындағы тасымалдаушылықтың таралуы туралы; менингококк инфекциясына қарсы жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша вакцинация жүргізетін елдер жайлы, вакцинациялау тиімділігі мәселелеріне шолу жасады.

4) Королева Ирина Станиславовна – м.ғ.д., Ресей тұтынушылар қадағалау Орталық эпидемиология ҒЗИ менингококк инфекциясы және  іріңді бактериялық менингиттер эпидемиологиясы зертханасының меңгерушісі «Ресей Федерациясындағы менингококк инфекциясы және іріңді бактериялық менингиттер: он жылдық эпидемиологиялық бақылау. Зертханалық диагностика» тақырыбы бойынша өз презентациясында:  Ресей Федерациясы аумағындағы менингококк инфекцияның эпидпроцесі туралы, сырқаттанушылықтың көпжылдық эпидемиологиялық мониторингі нәтижелері, өлім-жітім және РФ-да инвазивті менингококктардың серотопты сипаттамасы, іріңді менингиттердің зертханалық диагностика әдістері және ерекшеліктері; жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде РФ тұрғындарын менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау жөнінде айтты;

5) Карпов Игорь Александрович – Беларусь мемлекеттік медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  инфекциялық  аурулар жөніндегі штаттан тыс бас маманы; Беларусь инфекционист дәрігерлері қоғамының, клиникалық микробиология және инфекциялық аурулар бойынша Еуропалық қоғамның (ECSMID) және басқа да бірқатар халықаралық кәсіби ассоциациялар мен жұмыс топтарының мүшесі – менингококк инфекциясының инвазивті (генерализденген) түрінің клиникалық нұсқалары және олардың сипаттамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді; әртүрлі ауру нысандарына байланысты өлім-жітімнің жиілігі; аурудың белгілері туралы және қолданылатын жедел іс-шаралар жөнінде, госпитальға дейінгі кезеңде диагностикалаудағы  қателіктер, емдеу қағидаттары туралы және менингококк инфекциясы қоздырғышының микробқа қарсы жекелеген  препараттарға резистенттілігі жөнінде айтып шықты.

         Дөңгелек үстелге шақырылған қатысушылар талқылауға белсене қатысты, сұрақтарға толық жауап алды.

         Қатысушылар дөңгелек үстелдің материалдарымен қамтамасыз етілді.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ