ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК «Санитариялық –эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (бұдан әрі - СЭСжМҒПО филиалы) базасында 2018 жылғы 26-27 маусым аралығында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының (ЕвроВОЗ) сарапшысы Барбара Франклиннің қатысуымен және Қазақстандағы ДДСҰ кеңсесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ), ҚР ДСМ Қоғамдық Денсаулықты қорғау Комитетінің қолдауымен «Қауіпсіз иммундау жүйесіндегі тәуекелдер қатынастары (Коммуникация)» тақырыбында ұлттық тренинг ұйымдастырылды және өткізілді.

Ұлттық тренингте 23 жаттықтырушы дайындалды, оның ішінде: СЭСжМҒПО филиалының 7 мамандары; Қоғамдық Денсаулықты қорғау Комитетінің Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының өкілдері және Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармаларының 16 мамандары және медицина қызметкерлері дайындалды.

Барлық деңгейдегі қатысушылар 4 практикалық жаттығуларды (кэйс сатысында) пайдалана отырып,7 модуль материалдары бойынша дайындалды , оның ішінде:

- Вакциналардың қауіпсіздігімен байланысты, Коммуникациялық байланысты талап ететін бес түрлі оқиғалар,оларды жіктеу және олардың ықпал ету дәрежесі қарастырылды;

- Вакциналар қауіпсіздігіне байланысты мәселелерге әрекет ету жағдайлары рөлдік жаттығулар ретінде қарастырылды және егжей-тегжейлі зерттелді, нәтижелері пленарлық сессияда талқыланды;

- Қызығушылығы бар мүдделі серіктестерді тарту тетіктері мен принциптерін зерделей отырып,серіктестік пен үйлесімділікті нығайту мәселелері қарастырылды, қауіпсіз Иммундау жүйесінде дағдарыстық жағдайға дейінгі тығыз ынтымақтастық, халықты ақпараттандыру мен медицина қызметкерлерінің білімін жақсарту, ақпараттар мен деректер алмасу барысында тұрақты негізде бірлесіп жұмыс істеу тетіктері жан-жақты қарастырылды;

- Платформалар қызметін үйлестіру үшін және тиімді ден қою үшін қатынастар бойынша топтық жұмыстар әзірленді.

- " БАҚ өкілдерімен жұмыс істеу дағдылары: тиімді өкіл болу жағдайлары (баспасөз өкілі қызметі) " Модулін зерттеу барысында қатысушылар негізгі хабарларды дайындау әдістерін, журналистермен жұмыс техникасын үйренді; нысаналы топтар білімін ескере отырып, қағидаттарына дайындық сөз дайындап, оны меңгерді;

-Тренинг барысында пиар-компания өкілдері Коммуникация технологиялары мен әдіс-тәсілдері туралы әңгімеледі, журналистермен қарым-қатынас ережелері жайында, әлеуметтік желілерде жаңалықтық ақпарат ұсыну принциптері айтылды. Олар қатынас және сөйлеу техникасы дағдыларын жетілдіру барысында әрбір ұлттық жаттықтырушыларымен жеке жұмыс атқарылды.

«Қауіпсіз иммундау жүйесіндегі тәуекелдер қатынасы» тренингіндегі оқытудың белсенді әдістерінің арқасында жаттықтырушыларға терең білім алуға және дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алды.

Соның нәтижесінде, жаттықтырушылар 2018 жылдың 28 және 29 мамыр аралығында аумақтық Қоғамдық Денсаулық сақтау Департаменттері мен Денсаулық сақтау басқармаларындағы 330 мамандары мен медицина қызметкерлерін облыс орталықтары мен Алматы және Астана  қалаларында бір күндік тренингпен өте тиімді және нәтижелі қамтамасыз етуге қол жеткізді.  

Қатысушылар тренинг аяқталған соң сертификаттар алды.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ