ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-ның «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (бұдан әрі – СЭСжМҒПО) базасында 2018 жылдың 27 шілдесінде «Сауд Арабиясына қажылыққа баратын адамдардың, инфекциялық ауруларды алдын алу өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына туристік операторлардың өкілдері, 2018 қажылыққа баруды ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері («Хабар» ТК, «КТК», «СТВ» телеарналары, «Алматы» ТК), Казахстанская правда», «Я покупатель и собственник» баспалары, ««КазТАГ» Қазақ телеграф агенттігі) және Айдар Салықбаев, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының қажылық бөлімінің басшысы қатысты.  

         СЭСжМҒПОэпидемиологтары Сауд Арабиясы Патшалығы Денсаулық сақтау министрлігінің қажылыққа немесе қажылық орындарына баратын адамдарға арналған медициналық ережелері және қойылатын талаптары туралы, менингококк инфекциясы бойынша дүние жүзіндегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ қажылық кезінде менингококк, коронавирусты, ішек және  басқа да инфекциялардың алдын алу жөнінде  айтты.

Эпидемиологтар туристік агенттіктер және компаниялар өкілдерінің назарын қажылыққа баратын адамдардың арасында жеке гигиена ережелерін сақтау және қажылық кезінде және Сауд Арабиясынан келгенннен кейін 10 күннің ішінде денсаулық жағдайын мұқият қадағалау туралы ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттілігіне аударды.

Қажылықтан келгеннен кейін мынадай симптомдар: температураның көтерілуі, әлсіздік, лоқсу, құсу, сұйық нәжіс, дененің сырқырауы, жөтел және жіті инфекциялық және паразиттік аурулардың басқа да, аса қауіпті болуы мүмкін белгілер байқалғанда, уақытында дәрігергерге көріну маңыздылығына мән берілді.

Асқынулардың алдын алу үшін, әсіресе егде адамдарда асқынулардың алдын алу үшін, әр қажыға баратын адам денсаулық жағдайына байланысты қиындықтар туған кезде кімге және қайда баратынын білуі тиіс. Бұдан бөлек, қажыға баратын әр адамның өзінде денсаулық жағдайы туралы ақпараты болуы қажет, ол шұғыл шаралар қолдану және қажетті медициналық көмек көрсету үшін керек.

Айнагүл Қуатбаева, СЭСжМҒПО вакцинамен басқарылатын инфекциялар мониторингі және иммунопрофилактика басқармасының бастығы Сауд Арабиясы Патшалығының менингококк инфекциясына қарсы төрт валенттік вакцина алуды растайтын халықтарылық үлгідегі сертификатты көрсету бөлігінде қажылыққа баратын әр адамға қойылатын талаптары туралы айтты.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізілетін екпе кабинеттерінің тізбесі туралы материалдар алды.   

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде инфекциялық аурулардың алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, сапалы ауыз су ішу және белгіленген жерлерде тамақ ішу, адамдар көп жиналған орындарда бетперде кию, тағам өнімдерін ұйымдастырылмаған сауда орындарынан сатып алуға тыйым салу және басқ. тигізер пайдасы жөнінде айтылды. 

arap1

arap2

arap3

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ