ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

"СЭСжМҒПО" филиалында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымындағы ұйымдарда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шараларын кеңейтуге арналған жиналыс өтті. 
"СЭСжМҒПО" филиалы директорының м.а. Е.Дүрімбетов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты елімізде жүргізіліп жатқан шаралар туралы сөз сөйледі. Еркін Ермекұлы Дүрімбетов мыналар туралы айтты: -Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шеңберінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді Жоспары іске асрылуда. Біз жиі, тіпті күн сайын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы естиміз. Медицина ұйымдарының басшылары және лауазымды тұлғаларының арасында бас бостандығынан айырылғандар және ірі көлемде айыппұл салынғандар бар, олардың біздің қатарымызда болғандығы көңілге қатты қаяу түсіреді.  

Мұндай жағдайлардың алдымызда кездеспеуінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыс өзінің оң нәтижелерін бере бастады, бірақ әлі де көптеген мәселелер өз шешімерін күтуде. «Қазіргі уақыт қарқынындағы жағдайда, - деп жалғастырды Еркін Дүрімбетов,- барлығымызға жұмысты жаңа форматқа көшіргеніміз жөн, ол бізге өзгерістерге барынша тез бейімделуге мүмкіндік береді. Мұндай форматқа кез келген адам да, кез келген ұйым да сәйкес болуы керек. Теріс жағдайда заңнамадағы көрсетілген жазалардан құтылу мүмкін емес. Сонымен бірге, азаматтық бақылауды да ұмытпаған жөн. Мемлекеттік қызметтердің азаматтарға сапалы түрде көрсетілуі мемлекеттік басқарудағы негізгі индикатор болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық шаралар қоғамда мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі үшін іске асырылуда».                              "СЭСжМҒПО" филиалынының заңгері Дартау Ю.А. сыбайлас жемқорлық жағдайларының пайда болу себептеріне, олардың алғышарттарына және салдарын жоюға жеке тоқталды. Заңгер баяндамашы өз сөзінде былай деді: -Әр қызметкер коррупциялық қылмыстың бүкіл ауырлығын түсінуі тиіс. Этикалық нормалар әр кәсіпорын, әр қызметкер жұмысының негізгі принциптері болуы тиіс. Біздің кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шаралары әзірленген. Ұжымымызда осы мәселелерді талқылау үшін тұрақты түрде бас қосамыз. Кез келген іс-шараның мақсаты – бұл коррупциялық қылмыстарға қарсылық көрсету, оған тосқауыл болу».

carupsy

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ