ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Дүниежүзілік құтырмаауруынақарсыкүрес күні

 

 

Дүниежүзілік құтырма ауруына қарсы күрес күні (World Rabies Day) Құтыруды бақылау бойынша Ғаламдық альянстың (Global Alliance for Rabies Control) бастамасы бойынша белгіленген және 2007 жылдан бастап 28 қыркүйекте жыл сайын, көптеген денсаулық сақтау ұйымдарының қолдауымен өткізіледі.

Бұл күн осы ауруға, сондай-ақ оның салдарына назар аударуға арналған. Бұл күн 1895 жылы Луи Пастердің - атақты микробиологтың, құтырмаға қарсы вакцина жасаушылардың бірі қайтыс болуымен байланысты таңдалған.

Құтырма (басқа атауы — гидрофобия) инфекциялық аурулардың арасында абсолютті өлім-жітімге байланысты ерекше орын алады (егер ауруды жұқтырған адамға алғашқы сағаттарда қажетті көмек көрсетілмесе, ол қайтыс болады). Құтырмаға қарсы күрес Альянсының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 55 мың адам немесе орташа есеппен, бір адам әр 10 минут сайын құтырма ауруынан көз жұмады. 

2018 жылдың 8 айы бойынша адамдар арасында құтырма ауруы жағдайы тіркелмеді (2017 ж. 8 айы – 2 жағдай, оның ішінде балалар арасында - 1).

Бүкіл әлемде құтырма ауруы барлығы 150-ден астам елде кездеседі.

Осымен қатар, қазіргі кезде ауру жұқтырған жануар тістеп алған адамның ауруын тоқтатата алатын қауіпсіз және әсерлі вакциналар медицина қызметкерлерімен кеңінен айдаланылады. Құтырмамен негізінен антирабиялық көмек алмағандар немесе оны толық көлемде алмағандар ғана ауырады.

Жануармен байланыстан кейін бірнеше сағат ішінде жасалған және курсы жалғастырылған иммундау адамның ауруын тоқтата алады. Статистикаға сәйкес, мұндай вакциналарды жыл сайын 15 миллионнан астам адам алады.

Дүниежүзілік құтырма ауруына қарсы күресуге арналған іс-шаралар барлық жерлерде өтеді. Түрлі елдердің мамандары бұл аурудың жануарлар арасындағы қоздырғышпен күресе отырып, адамдар арасындағы аурудың алдын алу қаншалықты жеңіл болатыны және оны қалай жою туралы айтады. 

  

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ