ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық  орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филилалы
(бұдан әрі - Филиал) Орталық Азиядағы Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі
Америкалық орталықтардың (CDC/ОАР, Қазақстан)  офисімен және «Вакцинология» АҚ-мен
бірлесіп,  Астана қаласында 2018 жылы 13-14 қыркүйекте Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауды
Шолушы Эпидемиологиялық Қадағалау (ШЭҚ) жүйесін енгізудің 10-жылдығына арналған
«Тұмау – қоғамдық денсаулық сақтау саласының проблемасы: мойындау, алдын алу және емдеу»
тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі - конференция)
өткізді.

            Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілді.

            Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен, облыстардағы және Алматы, Астана қалаларындағы аумақтық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері мен денсаулық сақтау басқармаларынан, сондай-ақ  ведомстволық қызметтерден 166 практикалық мамандар мен  медицина қызметкерлері қатысты.

            Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисінің басшысы Честнов Олег Петрович, СДС/ОАР офисі директорының орынбасары Меган Грегор конференцияғақатысушыларды құттықтады.

            Конференцияның ашылуында Честнов Олег Петрович  және Меган Грегор кезекті эпидемиологиялық маусым алдында ЖРВИ мен тұмауды эпидқадағалау жөніндегі халықаралық конференцияны ұйымдастырудың өзектілігін атап өтті, бағдарламада халықаралық тәжірибе алмасу мәселесі, эпидқадағалау жүйесін, оның ішінде шолушы жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері; ЖРВИ-мен және тұмаумен ауыратын науқастарды  емдеуге арналған спецификалық препараттарды қолдану, зертханалық түрде диагноз қою; арнайы профилактика - тұмауға қарсы вакцинациялау мәселері дер кезінде көтеріліп отырғандығына, сондай-ақ мамандарды дайындауға арналға конференция ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

            Конференция жұмысында тұмау сырқаттанушылығы бойынша әлемдік деректер,
ШЭҚ аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды шолу, Еуропалық аймақтағы 2017-2018 жж.
тұмаудың эпидемиологиялық маусымының ерекшеліктері,  ЖРВИ мен тұмаудың жаһандық қатерлері,
қауіп-қатер тобындағы адамдар арасында вакцинациялау мәселесі баяндалды.
            Екінші күні мамандарға арналған үш арнайы сессия болды: клиникалық, эпидемиологиялық 
және зертханалық. Әр сессияда жоғарыда көрсетілген тақырыптарға тікелей қатысты мәселелер
таныстырылып, талқыланды.

            Конференцияда әлемнің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) және Қазақстан елдерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен, оның ішінде: ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы сарапшыларының - Sonja J. Olsen, PhD, Piers Andrew Nichola және Дмитрий Переяслов; Hassan Zarake (Медицина факультеті, Америка Бейрут университеті, Лебанон); Dr. George Kassianos (Royal College of General Practitioners, UK), ТМД елдері ғалымдарының: Қырғыз Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Чечейбаев Эркин Маратович; м.ғ.д., Өзбекстанның Ұлттық тұмау орталығының басшысы Рахимов Равшан Абдулаевич; Хрипко Юрий Иванович (Федералдық бюджеттік ғылым мекемесі, «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығы, Новосибирск қ., Ресей); м.ғ.д., профессор Харит Сусанна Михайловна (ФМБА балалар инфекциялық аурулар ғылыми-клиникалық орталығы, Санкт-Петербург, Ресей); м.ғ.к, вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу ғылыми зерттеу орталығының директоры,  Эпидемиология және фтизиатрия курстары бар инфекциялық аурулар кафедрасы, жетекші иммунолог-аллерголог дәрігер, инфекционист Викулов Георгий Христович (ИСИФ, РФ, Мәскеу қ., Санкт-Петербург); сонымен қатар Қазақстан ғалымдарының - ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Дүйсенова Амангуль Қуандыққызы; ҚарММУ клиникалық жұмыс және ҒПЖ жөніндегі проректоры, ҚММУ,  профессор Косерова Бахыт Нұрғалиқызы, «Астана медицина университеті» балалар инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Байешева Динагүл Аяпбекқызы, «Астана медицина университеті» АҚ жедел медициналық көмек және анестезиология, реанимация  кафедрасының меңгерушісі,  профессор Малытабарова Нұрила Аманғалиқызы және т.б. қатысуымен тұмауды эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіруде  пікірталасып, тәжірибе алмасты, ЖРВИ мен  тұмаудың эпидемиологиясы, клиникасы және заманауи зертханалық диагностикасы практикалық аспектілері талқыланды. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ