ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

          "СЭСжМҒПО" филиалында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»аттыЕлбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.  Жиналысты "СЭСжМҒПО" филиалы директорының орынбасары А.В.Магай өзінің баяндамасымен бастады. Жолдаудың негізгі ережелері және тармақтары туралы айта отырып, Алена Владимировна осы жылғы Жолдау – тарихи маңызды құжат екендігіне тоқталды, өйткені ол азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қатысты бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған.

         Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде әлеуметтік мемлекеттің сенімді негізі құрылды. Дегенмен, Президент қазақстандықтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмысты жалғастыру керек деп есептейді. Жолдауда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жан-жақты, терең талдауы көрсетілген және оны түбегейлі жақсарту бойынша нақты міндеттер қойылған. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың табысын арттыру, адамдарды толғандырып жүрген ең өзекті проблемалар туралы сөз қозғады. 

          Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне, жай-күйіне әрдайым қолдау білдіретіндігін көрсетті. Осыған орай, ең төменгі жалақыны 1,5 есе көбейтуге тапсырма беру үлкен маңызға ие болды, бұл 1 миллион 300 мың адамға тікелей қатысты, 275 мың қызметкердің еңбекақылары орташа есеппен 35%-ға өседі.

         Мемлекет басшысы мұғалімдер мен медиктерге де көп көңіл бөлді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі Бірыңғай комитет құру туралы Президент бастамасы өзекті болып саналады, бұл Комитет медицина, тамақтану және көрсетілетін қызмет мәселелеріне ден қоюы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев ең күшті заманауи техникалық жабдықтармен жарақтанған онкологиялық орталық салу қажеттігін айтты.   Елімізде адам денсаулығының қамын ойлау қажет, бақытсыздыққа ұшыраған азаматтарды тездетіп нәтижелі емдеп, оларды өлімнен құтқару керек.   Президент Нұрсұлтан Назарбаев жіті ауруларды емдеу ісінің жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын  20%-ға көбейтуді тапсырды. 

         Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнелеп айтуы бойынша, "қарапайым экономиканы" құру мақсаты Үкімет пен Парламенттің алдына бірінші кезекке қойылды, сондықтан да кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес саласын әкімшілік қысымнан қорғауға басты назар аударылады. Президент заң күшінің мойындалуына, құқықтық реформаның жандана түсуіне көп көңіл бөлді.    
"СЭСжМҒПО" филиалынының сөз сөйлеген қызметкерлері -  радиологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі М.Н.Бурханова, дәрігер-зертханашы, медицина ғылымдарының кандидаты Л.Г.Айзверт,  санитарлық дәрігер Г.Н.Казакова Елбасының Жолдауы Қазақстан халқының көкейтесті мәселелерін шешуге арналған стратегиялық құжат бола отырып, қоғам өмірінің барлық маңызды жақтарын көрсететінін айтып өтті.

              
                                                                                                                                                   
"СЭСжМҒПО" филиалының баспасөз қызметі 

послание1

послание2

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ