ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

con1

  

қр дсм «қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шжқ-ғы РМК-ның «САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫНДА 

2018 жылдың 25-26 қазанында  медиЦИНАЛЫҚ-санитарЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ конференцияның on-line трансляциясы Ұйымдастырылды

con2

Астанада БМСК жөнінде Жаһандық  конференция өз ісін аяқтады, онда бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы жаңа Декларация қабылданды. Бұл құжат 40 жыл бұрын қабылданған  Алматы декларациясының баламасы болды. Осы қазан айының күндері  Қазақстан астанасына ДДСҰ-ға мүше 140-тан астам елдің өкілдері келді. Делегация құрамына  денсаулық сақтау, қаржы, экономика, білім министрлері, дүние жүзі мойындаған сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. 

"СЭСжМҒПО" қызметкерлері тікелей трансляция режимінде конференция жұмысын қадағалай алды. 

40 жыл бұрын дәл қазақ жерінде  Алматы декларациясы қабылданған болатын. Оның бірегейлігі – адамзат тарихында алғаш рет барлық мемлекет адам  денсаулығын сақтауда  тең құқылы екендігін ресми мойындаған болатын. 
1978 жылы ДДСҰ декларациясына қол қою  халықаралық күштердің тиімді жарқын мысалы болды. Оған БМСК дамыту базалық қағидаттары бөлінді. Бұл, ең алдымен,  халықты санитарлық ағарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, вакцинациялауды қоса алғанда аурулардың алдын алу, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Содан бері дүние жүзіндегі денсаулық сақтау  саласы осы қағидаттармен дамыды. Сол аралықта, қазіргі  заман өзгеріп отырады, технологиялық прогресс жаңаруды талап етеді және жаңа ізденістерге жауап іздеуді қажет етеді. Ал бұл – Жаһандық  конференцияның басты міндеттері. 

Конференция соңында  "Денсаулық сақтау қызметтерін жалпыға бірдей міндетті қамту бағытында бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудың бүкіл үкіметтік тәсілі" атты Астана  декларациясын қабылдау рәсімі болды. 

- "Біз академиялық орталарды, мемлекеттік емес секторды, денсаулық сақтау жүйесін қоса алғанда, бүкіл әлемнен мыңнан астам сарапшыдан өте көп комментарий алдық. Бізде қоғамдық тыңдаулардың бірнеше раунды болды, олардан кейін ДДСҰ мүшелерімен консультация процесі жүріп жатыр, сондықтан біз БСМК бойынша  Астана декларациясы жөніндегі толық бәтуаластыққа қол жеткізе алғанымызға қуаныштымыз", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ