ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Масғұт Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы – жетекші ғылыми-зерттеу мекемесі карантиндік және зоонозды жұқпалардың таралу, алдын-алу және ескерту бағытында зерттеуді жүзеге асырады, медициналық иммунобиологиялық препараттарды өндіреді және аса қауіпті жұқпалар бойынша Орталық Азия мен Кавказ елдерінің мамандарын дайындайды.

КЗЖҚҒО биоқорғау және биоқауіпсіздік бойынша өңірлік тренинг-орталығы және Орта Азия мен Кавказ елдерінде жақында құрылған биологиялық қауіпсіздік Қауымдастығының хатшылығы болып табылады.

СССР Денсаулық сақтау министрлігі Алма-Ата обаға қарсы станциясы базасында аса қауіпті және карантинді бактериалды жұқпалармен байланысты күрделі және қолданбалы зерттеулерді өткізу үшін КЗЖҚҒО болып 1949 жылы 1 қаңтарда құрылды. Орталық 1949 жылдан бастап 1992 ж. Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты атауын алып жүрді, ал 1992 және 2002 жылдары – Қазақ обаға қарсы ҒЗИ ( 28.11.91 ж. № 742 ҚР ДСМ Камитетінің қаулысы негізінде және 28.01.92ж. №45 ҚР ДСМ бұйрығы).2002 жылдан бастап Қазақ обаға қарсы ҒЗИ Масғұт Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы болып қайта құрылды.

Айқымбаев атындағы КЗЖҒЗО сайты

2011 жылдың 15 маусымында Алматы қ-да М. Айкымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығының аумағында Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ 4 қабатты Орталық референс – зертхананың (бұдан әрі - ОРЗ) құрылысы басталды.

Құрылыс алаңына қажетті техника жеткізіліп, 15.06.2011 ж. сағ. 10:30-да экскаватормен ОРЗ ғимаратының болашақтағы іргетасының қазаншұңқырынан «Алғашқы шөміш» (текше метр топырақ) алынды.

15.06.11 ж. сағ. 10:30. «Алғашқы шөміш» салтанатты рәсімі

ОРЗ құрылысы бойынша жұмыстың басталу рәсімін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспанов ашты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының өкілдері: «Биологиялық қауіп-қатерді азайту» (АҚШ Қорғаныс Министрлігі) бағдарламасы жобасының менеджері - Джефри – Питер Шмидт; AECOM (АҚШ) құрылыс компаниясының – мердігердің аймақтық менеджері Марк Кин; Алматы қ. бойынша Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бастығы В.К. Сейдуалиев; М. Айқымбаев атындағы ҚКЗЖҒО директоры – Б.Б. Атшабар және құрылыс ұйымдарының-субмердігерлердің өкілдері қатысты.

15.06.2011 ж. Естелік сувенир. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспанов және «Биологиялық қауіпті азайту» (АҚШ Қорғаныс Министрлігі) бағдарламасы жобасының менеджері - Джефри – Питер Шмидт

Құрылыс жұмыстарын америкалық AECOM-KZ компаниясының инженерлері Қазақстан үшін жасаған жобасы бойынша отандық «Спецфундаментстрой» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізеді. Құрылыстың аяқталуы 2013 жылға жоспарлануда.

15.06.2011ж. ОРЗ құрылысының басталуы.

Жаңа зертхана адамдар мен жануарлар арасында жұқпалы ауруларды диагностикалау бойынша елдегі басты зертхана, халықаралық ғылыми зерттеулер мен 3 министрлік : Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрлігі үшін ғылыми және іс-тәжірибелік кадрлар дайындау орталығы болады.

Құрылысты АУУ және сенаторлар Нанн мен Лугар атындағы ортақ қауіпті азайту бағдарламасы арқылы толығымен АҚШ Үкіметі қаржыландырады. Құрылыс аяқталған кезде зертхана Қазақстан, АҚШ және басқа да елдер халқының денсаулығы мен салауаттылығын күшейту ісіне үлес қосатын халықаралық класстағы ғылыми-зерттеу зертханасы болады. Бұл 1993 ж. бастап іске асырылып келген жаппай жою қаруының таралу қаупін азайту бойынша Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы шеңберлі мемлекетаралық Келісімнің орындалуының іс жүзіндегі нәтижесі болып табылады.

Жаңа зертхананың эскизді жобасы

ОРЗ-ның қысқаша сипаттамасы

Орталық референс-зертхана:

- 4 қабатты ғимарат күштілігі 9 балл жерсілкінісі кезіндегі беріктікті қамтамасыз ететін ең жоғары сейсмикалық талаптарды есепке алу арқылы салынады.

- Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы техникамен ең көп жабдықталған, қауіпсіз және қорғалған, келешекте Орталық Азия елдері үшін жетекші зертхана ретінде көрінеді;

- биологиялық зерттеулердің ең жаңа халықаралық технологияларын қолданатын болады;

- Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы мен Білім және ғылым министрліктерінің жетекші ғалымдарының бір зертханада өзара әрекеттесу нәтижесінде елдегі басты зертхана мәртебесін алады. Себебі, медициналық, сондай-ақ мал дәрігерлік сипаттағы аурулардың қорытынды диагностикасын қамтамасыз етеді.

- Бастапқыда АҚШ Үкіметі қаржыландыратын бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы отандық зерттеушілер дүние жүзінің көптеген елдеріндегі әріптестерімен жұмыс жасайтын болады. Бұл денсаулық сақтау қызметкерлерінің анағұрлым қауіпті аурулардың бұрқ етуіне қарсы әрекет ету және алдын алу мүмкіндіктерін жақсартады

- озық тәжірибе және кадрлар дайындау орталығы есебінде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен білім беру қызметкерлері (техникалық мамандар мен зертхана басшылары) үшін тұрақты түрде республикалық, облыстық және аудандық деңгейде оқыту жүргізетін болады.

Құрылыс аяқталатын уақытта ОРЗ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына беріледі және 3 министрлік: Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрлігінің мүддесі үшін жұмыс істейтін болады. ОРЗ қызметкерлері – 129 адам, с.і. 50 ғалым және жетекші маман болады деп жоспарлануда.

ҚР ДСМ баспасөз қызметі 15.06.2011ж.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ